Жедел жәрдем көліктеріне бақылау камералары орнатылады. Асхат Сапаров

Жыл басынан бері елде жедел жәрдем бригадалары 7 млн-нан астам шақыртуларға қызмет көрсеткен, деп хабарлайды 24kz.

Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстарғанда едәуір өскен. Қызмет түрінде мамандар жеткілікті ме? Олардың қызметі қалай реттеледі? Бұл жөнінде студия қонағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы басқарма төрағасының орынбасары Асхат Сапаровтан білейік.

  1. Қазақстанда қанша жедел жәрдем бригадасы бар? Оның құрамына қандай қызметкерлер кіреді? Бір бригада қанша адамды қамтиды? Жедел жәрдем бригадасы санының тапшылығы бар ма?
  2. Жедел жәрдем қызметінде жұмыс істейтін мамандар жеткілікті ме? Медицина қызметкерлерінің санын көбейту үшін қандай шаралар қолданылады? Қазақстан бойынша қанша маман жетіспейді? Қай өңірде мәселе өзекті?
  3. Жедел жәрдем бригадаларына тәулігіне қанша қоңырау түседі, қаншасына қызмет көрсетіледі? Адамдардың дені қандай медициналық көмекті қажет етеді?
  4. Қазір жедел жәрдем шақыру уақытының орташа ұзақтығы қандай және бұл көрсеткішті қалай жақсарту жоспарларыңыз бар? Жедел жәрдем көлігі кешіккен жағдайда қандай шаралар қолданылады?
  5. Өңірлердегі жедел жәрдем көліктерінің ахуалына қатысты мәлімет берулеріңізді сұраймыз. Биыл былтыр қанша жедел жәрдем көлігі тозған, қанша жедел жәрдем көлігі есептен шығарылған? Бұл мәліметтер әр облыс және республикалық маңызы бар үш қалаға (Астана, Алматы, Шымкент) қатысты берулеріңізді сұраймыз.
  6. Әлеуметтік желілердегі бірнеше бейнелер барлық жедел жәрдем машиналарында бейне камераларды орнату қажеттілігін көрсетті. Бүгінгі күні бұл мәселе қалай шешілуде?
  7. Пандемия, табиғи апаттар, төтенше жағдайлар кезінде жедел жәрдем қызметінің жұмысы қалай реттеледі? Мұндай жағдайларға дайындық қандай?
  8. Азаматтардан жедел жәрдем қызметіне байланысты қандай шағымдар жиі түседі және олар қалай шешіледі?

Спикер: Асхат Сапаров, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы басқарма төрағасының орынбасары.