Дінбасылар съезі: болашақ жолындағы синергия
Бүгінгі бағдарламада:
- Жаһандық сын-қатерлерді еңсеру жолында рухани дипломатияның рөлі қандай? Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезінде осы мәселеге баса мән берілді.
- Діни нысандарды қорғау – адамзатқа ортақ міндет. Бұл мәселе Дінбасылар съезі аясында ұйымдастырылған арнаулы сессияда кеңінен талқыланды.
- Қазіргідей күрделі кезеңде рухани сабақтастықты сақтау айрықша маңызға ие. Осыған байланысты VIII Съезд аясында Жас діни лидерлердің ІІ форумы өтті.