2023 жылғы республикалық бюджетте көзделген міндеттер қалай орындалды?

Бүгінгі бағдарламада: 

- 2023 жылғы республикалық бюджетте көзделген міндеттер қалай орындалды? Бөлінген қаражат тиімді жұмсалды ма? Сенаторлар Палата отырысында осы мәселені қарап, тиісті органдардың есептерін тыңдады; 

- Ел экономикасының дамуында Алматының алар орны ерекше. Осыған орай Мәулен Әшімбаев бастаған бір топ сенатор шаһарға арнайы барып, ірі мегаполисте іске асырылып жатқан іргелі істермен танысты; 

- Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Сенат Төрағасы Астанадағы трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығына барды. Палата Спикері орталық ұжымымен кездесіп, саладағы өзекті мәселелерді талқылады.