Елдегі білім беру орындары жаңа оқу жылына дайын ба?

Бүгінгі бағдарламада: 

- Біріккен Ұлттар Ұйымының Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін не істеу қажет? Осы бағыттағы бастамаларды тиімді іске асыру жолында қай салаға басымдық берген жөн. Отандық сарапшылар аталған мәселені кешенді түрде зерттеп, өз ұсыныстарын жариялады; 

- Еліміздегі білім беру ордалары жаңа оқу жылына дайын ба? Салынып жатқан мектептердің сапасы қандай? Құрылыс жұмыстары уақтылы аяқтала ма? Бұл мәселелер өңірлерде жүрген сенаторлардың жіті назарында; 

- Тарихи мұраны дәріптеу ұлттық сананы жаңғырту ісінде айрықша маңызға ие. Бұл ретте көне жәдігерлерді зерттеу және мәдени ескерткіштерді сақтау маңызды міндеттердің бірі. Қызылорда, Түркістан облыстарына барған Сенат депутаттары осы салада жүргізіліп жатқан жұмыстарымен танысты.