Орталық Азия елдерінің ынтымақтастығын нығайтуда Парламенттердің рөлі қандай?

Бүгінгі бағдарламада: 

- Орталық Азия елдерінің ынтымақтастығын нығайтуда Парламенттердің рөлі қандай? Жергілікті өкілді органдардың бұл бағыттағы әлеуеті қай деңгейде? Өңірдің біртұтастығын арттыру үшін не істеу қажет? Өзбекстанның Хиуа қаласында өткен Орталық Азия мемлекеттерінің ІІ Парламентаралық форумында осы мәселелер талқыланды; 

- Бүгін – апта бұрын жалауы желбіреген V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының соңғы жарыс күні. Ұлы даланы дүбірге бөлеген байрақты бәсекеде қатысушылар ұлттық спорт түрлерінен бақ сынады. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бірқатар жарысқа арнайы барып, отандық спортшыларға қолдау көрсетті; 

- Елімізде демографиялық ахуалды жақсартуға арналған жұмыстардың нәтижесі көңіл көңшіте ме? Сенаторлар өткен сессияда көтерген мәселелер қаншалықты ескерілді? Осы салаға қатысты проблемалар шалғай елді мекендерге қалай әсер етуде? Палата депуттары осы түйткілдерді назарға алып, Үкіметке сауал жолдады.