Әлеуметтік осал топтарды баспанамен қамтамасыз ету үшін қандай тетіктер қолға алынады?
Бүгінгі бағдарламада:
- Елімізде тұрғын үй саясатын реформалау осы саладағы бүгінгі ахуалға қалай әсер етеді? «Отбасы банкін» Ұлттық даму институты ретінде қайта құру қаншалықты тиімді? Халықтың әлеуметтік осал топтарын баспанамен қамтамасыз ету үшін қандай нақты тетіктер қолға алынады? Сенаторлар осы мәселеге арналған заңды қарады;
- Қазіргі таңда Орталық Азия мемлекеттерінің ынтымақтастығы айтарлықтай нығайып келеді. Бұл саланы ілгерілетуге парламентаралық бағытта да баса мән беріліп отыр. Осыған байланысты Сенат Төрағасы бастаған Палата депутаттары Тәжікстанға барып, маңызды іс-шараларға қатысты;
- Отандық туризмді дамыту үшін қай бағытқа басымдық берген жөн? Инфрақұрылым мен экологияға қатысты түйткілдер саланың өркендеуіне қаншалықты кедергі келтіріп отыр? Отандық демалыс орындарында қауіпсіздік мәселесі қандай деңгейде? Сенаторлар осы бағыттағы өзекті проблемаларды депутаттық сауал арқылы көтерді.