Ұлттық құрамадағы үздіктердің бірі – Сәкен Бибосынов
Жоба аясында қазақстандық қыз-жігіттердің алдағы Париж олимпиадасына дайындығы жайында айтамыз және бүгінгі әңгімеміз бокс жайында болмақ. Ұлттық құрамадағы үздіктердің бірі және негізгі үміттеріміздің бірі – Сәкен Бибосынов. Сәкенді елордадағы жаттығу жиыны барысында кездестіріп, эксклюзив сұхбат жаздық. Дайындықтың барысын көріп, сол кадрларды сіздің назарларыңызға ұсынамыз.