Жемқорлық медицина саласын алға бастырмай отыр

Жемқорлық – дерт дейміз де, оның емін таппай келеміз. Ең қызығы, оларға ем қонбаса да, емхананы айналшықтап шықпайды. Дәрі-дәрмек ішіп, ертерек сауығып кету үшін емес, «ұры ит құсап» жылмың-жылмың етіп, осы салаға бөлінген қазына қаржысын қориды. Екі ортада не өздері емделмейді, не науқастарға мүмкіндік бермейді. Бүгін медицина, нақтырақ айтсақ, дәрі-дәрмек төңірегіндегі жемқорлық жайлы айтамыз.