Жемқорлық өңірлік деңгейде өршіп тұр

«Қазақстан жолдары – сапасыз». Жең ұшынан жалғасқан жемқорлық өңірлік деңгейде өршіп тұр. Қызылордада шенеунік баласының оқу ақысын төлетіп, қарамағандағыларды қысқан. Талдықорғанда 21 бухгалтер білім бөлімінің басшысымен бірігіп, миллиондарды қалтаға басқан. Астанада хирург пара алып, ота жасап жүр. Ал Шығыс Қазақстанның бас экологы қалтаға мемлекет ақшасын қымсынбастан бүктеп салып жатқанда қолға түсті. Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жарты жылдық жұмысы жайлы айтамыз.