Мемлекеттік органдар бизнесті дамытуға қалай кедергі жасайды
Біз тура тұманда өмір сүріп жүрген сияқтымыз, белгілі бір әдет қалыптасқан, соны автоматты түрде қайталаумен күн кешеміз. Ал үйреншікті, әбден дағдыға айналған іс-әрекеттен зардап шегетін кезіміз де көп. Бұл адамның жеке басына қатысты проблема емес, мемлекеттік деңгейдегі мәселе деп айтуға болады. Мысалы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бизнестегі бюрократиялық бөгетті зерттеп, жүйелі проблемаларды анықтады. Әкімшілік кедергілерді топтастырып, талдау жүргізді. Түсінгеніміз, шенеуніктердің жаттап алған жауабы бар, алдына келген кәсіпкерге қоятын заңсыз талаптары да тұрақты түрде қайталанады. Сөйтіп, ол жүйелі проблемаға айналады. Бүгін осы туралы айтамыз.