Жүйелі жемқорлық – экономиканың хас жауы

Бүгін жүйелі жемқорлық туралы айтамыз. Өйткені бұл қоғамдағы өте маңызды және қиын, тіпті, шешілмейтін мәселе деуге болады. Жалпы, әлемде жемқорлықты түбегейлі жеңген ешкім жоқ, оны өздеріңіз жақсы білесіздер. Тура зорлық-зомбылық, нашақорлық, ұрлық сияқты жемқорлық та өміршең. Бүгінде санаулы мемлекет жемқорлықты басқарып, бақылай алады. Бірақ біздің бір ерекшелігіміз, Қазақстанда бұл жүгенсіз кеткен жүйелі проблема. Кеңінен тарағаны соншалық, «Мұзтаудан бастау алған дерт» барлық жерді көктеп өтеді - билік, экономика, әлеуметтік салағатегіс тараған.