Мемлекеттік қызметкердің жалақысы жоғары болса, жемқорсыз елге айналамыз ба?

Жуырда Маңғыстау облысына іссапармен бардық. Сыбайлас жемқорлықты жоюдың жолдары талқыланған жиында ауыл әкімі сөз алды. «Еңбекақым 200 мың теңге, ал айлық шығыным бұдан екі есе. Сонда мен не істеуім керек?», - деді ол. Әкім әріқарай бізге, яғни журналистерге ренжіді. Неге осы мәселені көтермейсіңдер деп. Мемлекеттік қызметкердің жалақысы жоғары болса, шынымен, жемқорсыз елге айналамыз ба?