Жұмысқа жарамсыз болып қалған астаналық заңсыздықпен күресіп келеді

Өтініш, қазір менімен бірге ойланып, еске түсіріңізші, әділетсіздіктен қадіріңіз қашқан, қиналған, қорланған сәттерді. Әрине, кез келген адам тіршілікте тәртіпсіздікке тап болып, заңсыздық көруі мүмкін. Мұндайда біреулер қолын бір сілтеп, теріс айналады. Өкпелейді. Оқшауланып, проблемасымен жалғыз қалады. Ал енді біреулер заңның үстемдік құруын талап етеді және әділдікке қарай ұмтылады. Таңдау өзімізде. Дәл қазір елімізде азаматтардың заң алдында тең болуына, адам құқығын қорғауға ерекше көңіл бөлініп отыр. «Заң және тәртіп» қағидатының басты ұстанымы да осы. Бүгін осы қағидат аясында айналамыздан әділдік іздейіз.