Шымкенттік кәсіпкердің бизнесін рейдерлік жолмен басып алмақшы болған
Бизнесті рейдерлік жолмен тартып алу әлі де тоқтамапты. Бұл бір сонау 90-жылдардың еншісінде қалған қара қылмыс сияқты көрінімен, қорқытып-үркітуді жақсы меңгергендер қазір де кәсіпкерлердің тыныштығын бұзып, тірлігіне кедергі келтіріп отыр. Шымкенттік бизнесменнің шағымын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тергеп жатыр. Аймақтық департамент емес, Астана араласқан. Өйткені кәсіпкер әділетсіздікті заң мен тәртіпке сүйеніп шешуге бел буған. Антикорға келіп, арыз жазған. Негізі, мұндай мүмкіндік бәрімізде бар. Кімге қалай шағымдану керек, тәртібін білсек болды.