Елге қайтарылған 1,5 трлн теңгенің активі кімдерден тәркіленді?

Құқық қорғау органдары отандық олигархтар заңсыз иемденген активтерді мемлекетке қайтарып жатыр. Қазірдің өзінде құны 1,5 трлн  теңгенің активі анықталған. Осы мол дүние-мүлік, қыруар қаржы кімнен тәркіленді? Олардың тізімі жариялана ма? Уәкілетті органдар түбі түсініксіз байлық иелерінің аты-жөнін неге жасырып отыр? Жалпы, жасырып отыр ма? Бүгін осы сұрақтарға жауап іздейміз.