ШҚО колледждерінде дрон операторы мамандығы бойынша студент даярланады

Шығыс Қазақстан облысындағы колледждерде дрон операторы, су көлігінің капитаны, IT маман мен энергетиктер даярланады.

Биыл өңірдегі техникалық білім беру ұйымдарында осындай жаңа мамандықтар ашылады. Бұл жергілікті нарықтың сұранысы. Кадр мәселесін алдын ала шешу үшін жоғары сынып оқушыларын да оқыту қарастырылған. Жастар еңбек резерві қандай деңгейде? Оны келесі репортажымыздан көріп біле аласыздар. 

Ислам Кәкенов Өскемендегі көпсалалы технологиялық колледжінің студенті. Тарбағатай ауданынан келген ол мамандық таңдаудан жаңылған жоқ. Өмірін еңбек нарығында сұранысқа ие дәнекелеу ісімен байланыстырды.

Ислам Кәкенов, колледж студенті:

- Осы колледже газ электр дәнекерлеуші студенті оқушысымын. Және де осы мамандық өзіме қатты ұнайды. Және де осы мамандыққа ие боламын деп ойлаймын. Осы мамандықпен жұмыс жасаймын деп ойлаймын өзім.

Өңірде дуальді білім беру жүйесі жақсы дамыған. Қазір облыс бойынша 5 мыңнан аса студент теория мен тәжірбені қатар алып жүр. Соңғы жылдары энергетиктерге деген сұраныс артқан. Бірінші курс студенті бірден жылу электр орталығына түсіп ысылады.

Исатай Исин, политехникалық колледж директоры:

- Міндетті түрде дуальді оқыту. Ол өте осы техинка кәсіптік жүйесінің драйвері деп есептеледі. Дуальді оқытуда, мысалы, дайындалған оқушы ол міндетті түрде салада қалады. Жұмысқа дайын маман. 

Жұмысшы маманына жергілікті кәсіпорындар мұқтаж. Сондықтан олар колледж қабырғасынан құзырет орталықтарын ашып жатыр. Бұл жерде оқыған студенттің жұмыс мәселесі шешілген.

Дәулет Русланұлы, өндірістік оқыту шебері:

- Біз шеберханаларымызда бәсекеге қабілетті мамандарды дайындап, ірі кәсіпорындарға тәжірбиеден өтуге жібереміз. Сондықтан бұл мамандық бойынша жұмысқа орналасу көрсеткіші өте жоғары деңгейде. 

Өңірде колледж тапшылығы да байқалады. Бұл ретте биыл техникалық білім беру ұйымдары Күршім мен Тарбағатай аудандарында ашылады.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Вячеслав Ветлугин, Дмитрий Пыхтин