Атырау жастары өңірдің экологиясына қандай үлес қосып жүр?

Ел Президенті Қ.Тоқаев: «Таза Қазақстан» бірреттік науқан емес, ол күнделікті өміріміздің дағдысына айналуы тиіс», – деген еді. Елімізде былтырдан бері осы акция аясында түрлі іс-шаралар өтіп, оған көптеген сала қызметкері, тұрғындар мен туған жерінің экологиясына бейжай қарамайтын белсенділер қатысып келеді. Дәл қазір осы бағытта Атырау облысындағы жастардың үлесі қандай?