Петропавлда «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық шара өтті

Бұл жолы жастар ресурстық орталығының өкілдері мен «Аманат» партиясының мүшелері бірігіп, әлеуметтік қызмет көрсету орталығының аумағын күл-қоқыстан тазартты. 

Акцияға 30-дан астам ерікті қатысып, аумақты абаттандыруға үлес қосты. Шараның басты мақсаты жастар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру және экологиялық жауапкершілікті арттыру. Өңірде экологиялық іс-шаралар әр апта сайын өтіп тұрады. Белсенділер қоғамдық орындарды тазалап қана қоймай, көшет егіп, қаланың экологиялық келбетін жақсартуға атсалысады.

Нариман Тоқсанбаев, Жастар ресурстық орталығының қызметкері:

- Бүгінгі сенбілікке шығу мақсатымыз қаламызды жақсы жағдайда сақтап қалуғ және дамыту. Сондай-ақ жастарға үлгі көрсетуіміз керек. Біз әрдайым мұндай шараларды өткізіп тұрамыз. Әр жұма сайын екі-үш реттен.