Қосшы қаласының экологиялық ахуалы қандай деңгейде?

Былтыр сәуір айынан бастап Президентіміздің бастамасымен қолға алынған Таза Қазақстан акциясының аясында 6 миллионға жуық адам бірігіп, 1,1 миллион тоннадан аса қоқысты шығарған. Соның ішінде 90 мыңнан астамы еріктілер. Осы санақта Ақмола облысы  жастарының үлесі қанша екенін анықтап және ондағы экологиялық жағдайды бағамдау үшін Қосшы қаласына келдік.