Ақылды қала. Алматы тестілеу орталығы

Енді оқушылар арнайы технологиямен жабдықталған орталықта Ұлттық бірыңғай тестке дайындала алады. Кешенде тек білім алушыларға ғана емес, ұстаздарға да біліктілікті арттыруға мүмкіндік бар. Бүгінде қаладағы мектептер осы портал арқылы ҰБТ-ға дайындала алады. Тестілеу онлайн түрде жүреді. Нәтижесі автоматты түрде экранда көрсетіледі. Мұндай инновациялық шешім қаншалықты тиімді? Орталық несімен ерекшеленеді? Смарт құрылғылармен жабдықталған «ақылды» портал жайлы толығырақ осы шығарылымда.