Инклюзивті білім: Шахмарданның алғашқы қадамдары
Әрбір жаңа қадам – үлкен жеңіс. Бес жасар Шахмардан Диханбайдың тарихы ерекше балаларға арналған инклюзивті білім беру ортасының маңызын көрсетеді. Мұнда ол тек білім алып қана қоймай, қатарластарымен араласып, қоғамның бір бөлігі ретінде өсіп келеді. Мамандардың қолдауы мен анасының қамқорлығы Шахмарданға қорқыныштарын жеңіп, сөйлеу, қарым-қатынас және қозғалыс дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді. Бұл – болашаққа сенімді қадам.