Инклюзивті білім: Назым өскенде әнші, биші болғысы келеді
№152 жалпы білім беретін мектептегі инклюзивті білім беру тек мамандардың жұмысымен ғана шектелмейді. Мұнда балалардың бір-біріне деген қарым-қатынасы, қолдауы мен жанашырлығы да ерекше рөл атқарады. Сыныптастарының қолдауы Назымның өзін ұжымның бір бөлшегі ретінде сезінуіне, мектеп өміріне сенімді араласуына және қиындықтармен жалғыз қалмауына көмектеседі. Осындай түсіністік пен қамқорлыққа негізделген орта баланың дамуына, ортаға бейімделуіне және өзіне деген сенімінің артуына үлкен ықпал етеді.