Асылым Өтеміс үшін мектептегі әр күн – жаңа қадам, жаңа мүмкіндік

Мектеп – тек білім алатын орын емес, баланың өз орнын тауып, қатарластарымен бірге өсетін ортасы. №209 мектеп-гимназияның 1-сынып оқушысы Асылым Өтеміс үшін де мектептегі әр күн – жаңа қадам, жаңа мүмкіндік. Ол болашақта полицей болуды армандайды.
Асылымның сыныптастарымен бірге білім алып, үзілісте бірге ойнап, сабаққа қатысуы – инклюзивті білім берудің нақты көрінісі. Мұнда ерекшелік баланы бөліп-жармайды. Керісінше ұстаздар, психолог, логопед және сыныптастарының қолдауы оның өзіне сенімді болуына, ортаға еркін бейімделуіне жол ашып келеді.
Бүгін бір сыныпта қатар отырған балалардың қарым-қатынасы – ертеңгі қоғамның айнасы. Өйткені әр балаға білім алуға мүмкіндік берілген жерде, әр адамның қабілетін ашуға да жол бар.

Сондай-ақ оқыңыз: