«Қолжетімді баспана» кімге бұйырады?
Өткен жылы елімізде 18 млн шаршы метр тұрғын үй салынған. Апта басында осылай деп сүйіншілеткен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тәуелсіздік алғалы бері мұндай көрсеткіш бұрын-соңды болмаған деп отыр. Шынымен де ауыз толтырып айтарлықтай. Бірақ тағы бір статистикаға зер салайық, елімізде 650 мың адам баспана кезегінде тұр. Оның 256 мыңнан астамы – әлеуметтік осал топтағы азаматтар.