Ақтау мен Дананг бауырлас қалалар атанды

Ақтау мен Дананг бауырлас қалалар атанды
Маңғыстау облысының әкімдігі

16-18 қаңтар аралығында Вьетнам Республикасының Дананг қаласында «2025 жылғы Достық пен ынтымақтастық қалаларының форумы» өтіп жатыр, деп хабарлайды Маңғыстау облысының әкімдігі.

Осы сапар аясында 17 қаңтар күні Ақтау мен Дананг портты қаласы арасындағы бауырластық байланыс орнату туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.Екі қала арасында бауырластық - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы бойынша 2023 жылғы 20-22 тамызда Вьетнам Социалистік Республикасында ресми сапары аясында берілген тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылды.Ақтаудан келген делегацияны Дананг қаласының мэрі Ле Чунг Чинь және Қазақстанның Вьетнамдағы Елшісі Қанат Тумыш қарсы алды.Әбілқайыр Байпақов бастаған Ақтау қаласының делегациясы, Маңғыстау облысы әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың қолдауымен Дананг қаласына келіп, осы әкімшілік-аумақтық бірліктің басшылығымен келіссөз жүргізді.
Нәтижесінде Ә.Байпақов, Дананг қаласы Халық комитетінің төрағасымен (мэрімен) екі портты қала арасындағы бауырластық орнату жөніндегі келісімге қол қойды.
Бұл келісім Ақтау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына оң серпін береді. Атап айтқанда, меморандум екі қала арасында сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық, туризм және мәдени-гуманитарлық салалар бойынша өзара бауырластық пен ынтымақтастықты дамытуды көздейді. Осы сапардың нәтижесінде, болашақта Ақтау және Дананг қалалары арасындағы әуе рейстерін ашу мәселесі де қарастырылады.
«2025 жылғы Достық пен ынтымақтастық қалаларының форумының» барысында Дананг, Ақтау және Италияның Генуя қалаларымен бауырластық байланыстар орнату туралы екі келісім жасасты. Жалпы, Дананг қаласының 24 елден 50 қаламен бауырластық қатынастары бар.