389,91 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тұтынушы таңдауы. Қазақстандағы балық өнімінің сапасы

  • 1223

Балық омыртқалы су жануары. Оның жер бетінде пайда болуы ерте ғасырларға барып тіреледі. Мәселен қазір жаһанда балықтың 20 мыңнан астам түрі белгілі, олардың 97 – 98 пайызы сүйекті балықтарға жатады, қалғандары шеміршекті. Олардың көптеген түрлері бес жүз мың жылдан бері өзгерместен тіршілік етіп келеді. Мекен ететін аумағы өзен, көл, су қоймалары және мұхит, теңіз.  Олар - 2°С-тан 50°С температура аралығында тіршілік ете алады. Тұздылығы 70 пайыз болатын суға төзетін балықтар да бар екен. Су жануарлары тіршілік ететін аумағына қарай түсі, құрылысы, физиологиясы жағынан айтарлықтай ерекшеленеді. Олардың дене тұрқы 1 см-ден 20 м-ге дейін барады, ал салмағы 1,5 г-нан  14 т-ға дейін жетеді. Ал,  Қазақстанда балықтың жүз сексеннен аса түрі кездеседі. Олар теңіз, көл, өзендердің түбіндегі қажетті минералдармен қоректенеді. Сондықтан дәрігерлер балықтың етін пайдалы деп жатады. Анығында балықтың еті адам ағзасына қаншалықты пайдалы. Халық қазір қандай балық өнімдерін жеп жүр. Бірге жауап іздеп көрелік.

Хабар 24 телеарнасы