Жаңаөзенді дамытуға бағытталған жұмыстар пысықталды
Бүгінгі бағдарламада:
- Су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға 2 576 үй салынып, 6 мыңға жуық баспана мен пәтер сатып алынды. Құрылыс жұмыстары Атырау, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында небәрі 4 айда аяқталды;
- Келер жылдан бастап шаруалар қаржы институттарынан тікелей арзандатылған несие ала алады. Субсидиялау толық Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктеледі. Осылайша, фермер оны рәсімдеуде әуре-сарсаңға түспейді;
- Жаңаөзенде жыл соңына дейін 1 200 орындық заманауи мектеп ашылады. Екі білім ошағы келер жылы қолданысқа беріледі. Нысандар "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында салынады.