Жұмысшы мамандарға сұраныс жоғары
Биыл жұмысшы кадрларды баспанамен қамту мықтап қолға алынады. Ол үшін ипотекалық және жалға берілетін тұрғын үйдің жеңілдетілген бағдарламалары іске қосылмақ. Үкіметте 2025 жылы Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жөнінде іс-шаралар жоспары талқыланып, Премьер-министр жауапты ведомстволарға осындай тапсырма жүктеді. Бұл жеңілдіктер жұмысшы мамандығына деген қызығушылықты арттыратыны анық.