Санитариялық кітапшаларды бақылау электронды форматқа көшірілді

Елде зейнетақы дауынан кейін жүзден астам тіс емханасы жабылды. Стоматологиялық клиникаларға қатысты жоспардан тыс тексерістер жалғасып жатыр. Қаңтарда 73 стоматологияның жұмысы уақытша тоқтатылса, қазір 140-тан астамы жабылған. Оның көбі – Атырау облысында. Онда 54 тіс емханасы жабылған. Алматы қаласында – 26, Ақтөбе облысында  – 12, Астанада – 11, Қызылорда облысында 10 стоматология жұмысын тоқтатты. Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналы және фармацевтикалық бақылау комитетінің мәліметінше, ел бойынша 456 жоспардан тыс тексеріс жүргізілген.