Балалар құқын қорғау жөнінде заң жетілдіріледі

Бала қауіпсіздігі басты назарда. Балалардың құқығы мен мүддесін қорғап, сапалы білім алуына жағдай жасау – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Өйткені бүгінгі жеткіншек ел болашағы. Осыған орай елімізде алдағы 4 жылға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы әзірленді. Бұл жасөспірімдерге қатысты барлық саясатты біріктіретін алғашқы бірыңғай стратегиялық құжат болмақ. Оқу-ағарту министрлігі ұсынған құжат жасөспірімдердің қауіпсіздігі, білімі мен құқықтарын қорғауды көздейді. Осылайша мектептерде педагог-психолог сағаты енгізіледі. Буллингке ұшыраған оқушылар үшін 40 көмек кабинеті ашылады. Ерекше балаларға бұрынғыдан да көбірек назар аударылады. Инклюзивті білім беру саласына одан әрі жаңғырады. Сондай-ақ ата-аналар мен асырап алушылардың жауапкершілігі күшейеді. Ресми есеп бойынша, еліміздегі бала саны 7 млн-ға жуықтайды.