Мұғалімдер есептілікті бір нұсқада ғана тапсырады
Бұдан былай балабақша мен колледж ұстаздары да ерекше қорғалады. Яғни енді оларды өз міндетіне жатпайтын функцияларды атқарудан қорғайтын талап енгізілді. Жалпы 2020 жылдан педагогтерді өз міндетіне жатпайтын жұмысқа тартпау туралы талап бар. Бірақ ол негізінен мектеп мұғалімдеріне қатысты болды. Балабақша тәрбиешілері мен колледж педагогтері заң жүзінде осы қорғау тетігінен тыс қалған. Енді бұл заң жобасы арқылы шешімін таппақ.