Энергетика нысандары қыс мезгіліне дайын ба?
«Қыстың қамын жаз ойла». Қазақстандағы энергетика нысандары қыс мезгіліне дайын ба? Үкіметтің баспасөз қызметі кейбір жылу электр орталықтарын жөндеу барысында бұрын анықталмаған жасырын ақаулар табылып, оларды жою жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Демек Үкіметтің қысқа дайындығы жоспарлы жүріп жатыр.
Биыл ел бойынша 9 энергоблокқа, 55 қазандыққа және 51 турбинаға күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Қазір екі энергоблок толық дайын. Тағы екеуінде жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Электр стансаларындағы тозу көрсеткіші 53%-ға, жылу желілерінде 50%-ға, ал электр желісі нысандарында 66,2%-ға дейін азайған. Демек Қытымыр қыста жылусыз қалмаймыз.