Құрылтай – парламентаризм тарихының жаңа кезеңі
Құрылтай құрылды. Құрамы түгел. 145 депутаттан құрылған заң шығарушы орган 8 комитетке бөлініп, бәрі сақадай-сай болды. Құрылтай енді заң шығару қызметіндегі негізгі басымдықтарға мән береді. Төраға Айбек Дәдебай Бюро отырысында Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолданыстағы заңнаманы түгендеп, оны жаңа Конституцияға сәйкестендіру Бірінші кезектегі міндеттердің бірі ретінде белгіленгенін айтты. Бұл жұмыс Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айқындап берген басымдықтармен, сондай-ақ өзекті әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси мәселелермен бірге бейінді комитеттердің жұмыс жоспарына енгізілетінін жеткізді. Сонымен қатар Жасанды интеллект, көші-қон және энергетика мәселелерін қарастырмақ.