Заңсыз иемделген активтер елге қайтарылады

Жыл басынан бері елден заңсыз шығарылған 325 млрд теңгеден астам соманың активтері мемлекетке қайтарылды. Оның ішінде ақшадан бөлек, акциялар, жер телімдері, Алматы қаласында орналасқан ғимарат пен бағалы зергерлік бұйымдар бар. Активтерді қайтару жөніндегі комиссия мемлекет кірісіне тағы да 235 млрд теңге өндірмек. Оның 230 млрд теңгесі ақшалай түрде Қаржы министрлігінің шотына аударылмақ. Ал қалған сомаға пара-пар жер телімдері, жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындардың акциялары мен Алматыдағы әкімшілік ғимарат мемлекет меншігіне өтеді.