Энергетикалық сусындар нарығының көлемі артып барады
Елімізде енді 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусындар сатуға тыйым салынады. Бұл норма жақында Мәжілістің жалпы отырысында қамтылды. Депутаттар энергетикалық сусындар туралы мәселені көтеріп, балалар арасында энергетикалық сусынды тұтыну кең таралып кеткенін және ол алкогольден де қауіпті екенін айтты. Қазір тіпті 10 жасар бала да энергетикті оңай сатып ала алады. Денсаулық сақтау министрлігінің зерттеуіне сәйкес мұндай сусындарды тұтыну жасөспірімдерде әдетке немесе тәуелділікке әкеп соғады. Сондай-ақ физикалық белсенділіктің төмендеуіне және темекі шегу немесе алкогольді ішу сияқты жаман әдеттерге әкелуі мүмкін екен.