Байланыс бағасы реттелмей отыр
Интернет пен ұялы байланыстың сапасына қатысты мәселе көп. Биыл алғашқы 5 айдың өзінде осы жөнінде азаматтардан 11 мыңға жуық шағым түскен. Былтыр 21 мың адам шағымданған екен. Ауылдағы ағайынды былай қойғанда, ғаламтор ғаламаты кейде қалалықтарға да жетпей қалады. Ал алыс жолға шыққан жолаушы шаһар мен елдімекеннен сәл ғана алыстаса, интернет пен байланыстан ажырайды. Үкімет басшысы Олжас Бектенов қордаланған мәселені жедел шешуді және инфрақұрылымды жаңартуды тапсырды.