Оқушылар арасындағы «буллинг» тыйылмай тұр
Қазақстанда әрбір үшінші жасөспірім құрдастарының тарапынан қысымға ұшырап, буллингтің құрбанына айналады. Ең сорақысы, мұның арты қайғылы жағдайға апарып соқтыруы да мүмкін. Психологтар буллингтің кез келген түрі қауіпті екенін айтады. Қазіргі уақытта әлеуметтік желілер мен технологияның жаңа деңгейге шығуы балалар арасындағы әлімжеттікті те жаңа деңгейге көтерген. Бұл жаман қылық көп жағдайда физикалық қысымнан ғана тұрмайды. Көбінесе психологиялық шабуылдардан құралады. Жеткіншектердің арасындағы буллингтің қалай алдын алуға болады?