Мопедтер көлік санатына жатқызылады
Мопедшілерге тықыр таянды. Көп көліктің арасымен зуылдап, жол ережесін елемейтін олар енді көлігін тіркеп, мемлекеттік нөмір алуы тиіс. Яғни «А1» кіші санатындағы жүргізуші куәлігін алуы қажет. Осылайша, қозғалтқыш көлемі 50 текше сантиметрге дейінгі мопедтер көлік құралы санатына жатқызылады. Жақында Сенат мопедтерді тіркеу мен көлік жылдамдығын бақылауға арналған заңды мақұлдады. Бұған дейін мопедтер мемлекеттік тіркеуде болмады. Сондықтан бейнебақылау камералар арқылы мопед жүргізушілерінің кім екенін анықтау қиынға соқты. Салдарынан, жол ережесін бұзғандар көбейіп кетті.