Қазақстанда 800 мыңнан аса үй тексерілді
Ел аумағында «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Қыркүйекте басталған рейд қарашаға дейін жалғасады. Полицейлер 800 мыңнан аса пәтер мен жеке үйді, сондай-ақ саяжайлар мен шаруа қожалықтарын тексерді. Мақсат – құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтармен сенімді байланыс орнату. Пәтерін жалға беретіндер көп болғанымен, заңды сақтамайтындар да бар.