Электр самокаттарды жалға беру талабы күшейеді

Күннің көзі жыли сала, елорда көшелерінде электрлі самокат тізгіндегендер көбейді. Бірақ осылай бір көлікке екі адамның мінгесуі дұрыс емес. Тіпті жаяу жүргіншілер жолымен де заулап жүруге тыйым салынады. Бұл – Заң талабы. Электрлі самокат тізгіндеушілер ғана емес, оны жалға беретіндерге де ереже қатаңдады.

1 шілдеден бастап оларға сақтандыру полисі міндеттеледі. Сонымен қатар әрбір самокатқа тіркеу нөмірі беріледі. Осы арқылы көліктің маркасы, моделі, шыққан жылы және техникалық жай-күйі сияқты мәліметтерді тексеруге болады.