Баланың қауіпсіздігіне кім жауапты?

Панасыз және қараусыз қалған балалар – ішкі істер органдарының жіті назарында. Себебі олар өздерінің ғана емес, өзгенің де қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін. Жасөспірімдерге алкоголь мен темекі өнімдерін сату фактілері сиреген жоқ. Баланы, әсіресе түнгі уақытта үйден шығаруға болмайды. Бүгінге дейін жауапсыздық танытқан 40 мыңнан аса ата-ана мен мың кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.