12 мың жазасын өтеуші жұмыспен қамтылған
Еліміздегі сотталған азаматтардың 54 пайызы жұмыспен қамтылған. Түзеу мекемелері аумағында 280-ге жуық кәсіпкерлік нысан шоғырланыпты. Жазасын өтеушілердің мекеме аумағынан тыс жерде де жұмыс істеуіне болады. Қазір бірқатар өңірде осындай пилоттық жоба жүзеге асып жатыр.