25 мың қорап сертификатталмаған пиротехникалық заттар тәркіленді

Елде 77 мың дана және 25 мың қорап сертификатталмаған пиротехника тәркіленді. Жаңа жыл басталмай жатып құқық бұзушылықтарға жол бергендер көп. Ал қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың зардабы ауыр. Осы бағытта ел полицейлері мен өртке қарсы қызмет бірлесіп, жедел алдын алу шараларын өткізіп жатыр.