Қарағанды саябағына алып кеме қойылды

Қарағандыда 11 метрлік кемені безендіру үшін ұзындығы үш шақырым гирлянда пайдаланылған, деп хабарлайды 24KZ. Бұл ерекше жаңажылдық мүсін қаланың орталық демалыс саябағында тұр. Мұнда бұдан өзге де сән беріп тұрған фигуралар жетерлік. Тұрғындарға мерекелік көңіл күй сыйлау үшін қаланы безендіруге ерекше көңіл бөлінген.

Биыл Қарағанды қаласының 7 аумағында мұз айдыны құйылған. Тұрғындар бос уақытында келіп, коньки тебе алады. Мұз айдындарының жалпы ауданы 12 мың шаршы метр. Ал ең үлкені орталық демалыс саябағында. Ол әлдеқайда ұзынырақ және кең. Сырғанақ жарық шамдарымен безендірілген ағаш қоршаулар бойымен құйылған.

Талғат Байтохин, Қарағанды қаласы саябақтар мен гүлзарлар басқармасының басшысы:

- Биыл қаланың әр аумағында мұз айдынын жасадық. Тұрғындар қаланың өзге аумағына барып әуре болмайды. Орталық саябақтағы мұз айдынын да жылдағыдан үлкенірек етіп құйдық. Себебі мұнда күніне жүздеген адам келеді.

Қарағандылықтарға жасалған ерекше тартудың бірі – мына 11 метрлік алып кеме. Оны безендіруге ұзындығы 3 шақырымдай болатын гирлянда пйдаланылған. Саябақ жұмысшылары алып мүсінді күзден бастап құрастырған. Сондай-ақ мынадай 5 аю мүсіні қойылған. Ең үлкенінің биіктігі 9 метр.

Ләззат Ақылжанова, Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары:

- Осындай тосын сый жасап жатырмыз. Ақ оюларды. Саябақтың орталығына қойдық. Бесеуін. Ең үлкені 9 метр. Қаланың батыс аумағындағы мұз айдынында да осындай мүсіндер қойылған.

Саябақта жаңа жылдың басты кейіпкері Аяз атаның үйі де қойылған. Көпшілік мұнда келіп суретке түседі.

Сауалнама:

- Қарағандының саябағы биыл өте әдемі. Жаңа мүсіндермен безендірілген. Отбасымызбен жүрміз.

- Жақсы ұнады бізге. Демалып жүрміз.

- Мына кеме болмаған, барлығы керемет.

Қаланың әр аумағында сырғанақ жасалған. Балалар смартфон мен гаджеттен бір ауық алыстап, қысқы демалысты көңілді өткізуіне таптырмас орын.

Авторлары: Руслан Нұрланұлы , Сайлау Игліков, Зарина Зұлпыхар.