Барбастау-Ақжайық-Индер бағытындағы жол құрылысы қашан аяқталады?
Батыс Қазақстан облысында жергілікті маңыздағы жолдардың жалпы үлесі – 52%. Олардың дені жылдар бойы жөндеу көрмеген. Биыл өңірде жол саласына 85 млрд теңге бөлініп отыр. Оған барлық деңгейдегі 576 шақырым жол жөнделеді. Кейбірінің құрылысы сағызша созылып, жұрттың сынына қалды. Соның бірі – Барбастау-Ақжайық-Индер.