Биыл жазда 11 мыңнан астам демалыс орталығы жұмыс істейді

Қазақстанда жазғы демалыс маусымында 11 135 демалыс орталығы жұмыс істеп, 3 млн 200 мың бала демалыс және сауықтыру шараларымен қамтылады, деп хабарлайды «24KZ» UKIMET телеграм-арнасына сілтеме жасап. 

Биылғы жазғы маусымда балалардың демалысын ұйымдастыру бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылады, деді Үкіметте өткен брифингте Оқу -ағарту министрі  Жұлдыз Сүлейменова. 

Атап атйқанда:

– 44 мыңнан астам бала жыл бойы жұмыс істейтін 20 орталықта демалады;
– 168 мың бала 187 маусымдық демалыс орталықтарында қамтылады;
– 2 млн 990 мың бала 10 928 мектеп және мектептен тыс ұйымдар жанындағы демалыс орталықтарында жазғы демалысын өткізеді, деді министр.

Мамандардың айтуынша, жазғы демалыс инфрақұрылымы өңірлерде біркелкі дамып келеді. Қамту көрсеткіші Павлодар, Қызылорда, Абай, Ақтөбе облыстарында, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларында жоғары деңгейде.

Жалпы, жазғы демалыс шаралары балалардың қауіпсіздігі мен сапалы демалысын қамтамасыз етуге бағытталған.