Қазақстан ТМД-дағы ең тартымды ел атанды
Қазақстан Immigration Index 2026 халықаралық рейтингінде ТМД елдері арасында бірінші орынға шықты, деп хабарлайды «24KZ».
Зерттеу нәтижесіне сәйкес, әлемнің 82 мемлекеті қамтылған рейтингте Қазақстан 36,0 балл жинап, 53-орынға тұрақтаған. Осы көрсеткіш еліміздің ТМД кеңістігіндегі ең жоғары нәтижеге қол жеткізуіне мүмкіндік берді.
Рейтингте елдердің өмір сапасы, экономикалық мүмкіндіктері, еңбек нарығы және мигранттардың бейімделу жағдайы ескерілген.
ТМД елдері ішінде Қазақстаннан кейін Молдова, Грузия, Әзербайжан, Армения және Өзбекстан орналасты.
Молдава - 56-орын
Грузия - 63-орын
Әзербайжан - 66-орын
Армения - 74-орын
Өзбекстан - 75-орын
Әлемдік рейтингтің көшін 60,8 балл көрсеткішпен Швейцария бастайды. Одан кейін Исландия, Люксембург, Австралия және Германия үздік бестікті түйіндеді.
Immigration Index - рейтингі елдердің шетел азаматтары үшін өмір сүру және қоныс аудару тартымдылығын бағалайтын халықаралық көрсеткіш болып табылады.
Бұл индекс елдердің шетел азаматтары үшін тұрақты өмір сүруге қаншалықты қолайлы екенін көрсетеді.