28 маусымнан бастап ұялы байланыс қызметтеріне қатысты бірнеше жаңа ереже күшіне енеді
ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министргілі байланыс қызметтерін көрсету қағидаларына маңызды өзгерістер енгізді. Енді ақылы қызметтер абоненттің екі рет келісімімен ғана қосылады, деп хабарлайды «24KZ»
Енді қосымша ақылы байланыс және интернет қызметтері абоненттің екі мәрте келісімімен ғана қосылады, оны жеке кабинет, SMS, қоңырау немесе USSD-сұраныс арқылы растауға болады.
28 маусымнан бастап ұялы байланыс қызметтеріне қатысты бірнеше жаңа ереже күшіне енеді:
Ақылы қызметтерді қосу қиындайды – операторлар енді қосымша ақылы қызметтерді (интернет-пакет, жазылымдар және т.б.) абоненттің екі рет растауынсыз қоса алмайды.
«Маяк» қоңыраулары жойылады – бұрын байланыс болмаған кезде келетін қысқа қоңыраулардың орнына енді SMS-хабарламалар жіберіледі.
Жарнамалық хабарламалардан оңай бас тартуға болады – абоненттер операторлардың жарнамалық және ақпараттық таратылымдарын өшіру мүмкіндігіне ие болады.
Балаларға SIM-карта рәсімдеу тәртібі күшейтіледі – 14 жасқа толмаған балаға нөмірді тек ата-анасы немесе заңды өкілі биометриялық растау арқылы рәсімдей алады. Бір балаға тек бір нөмір тіркеледі.
Яғни, жаңа өзгерістер азаматтарды қажетсіз ақылы қызметтерден қорғауға, жарнаманы азайтуға және балалардың қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған.
18 маусымда қол қойылған бұйрық азаматтарға барынша жайлылықты қамтамасыз етуге және олардың цифрлық ортадағы құқықтарын сенімді қорғауға бағытталған.