Елордадағы мектепте АІ кабинеті ашылады
Елордадағы №101 мектепте жасанды интеллект технологияларына негізделген AI кабинеті ашылады.
Екі аптадан кейін іске қосылуға тиіс кабинет елде алғаш рет қолданысқа енгізілмек. Кабинетте бейнебақылау мен аудиоаналитика жүйелері орнатылған. Жабдықтар сабақ кезінде оқушылардың белсенділігін, назарын және сыныптағы жалпы жағдайды талдап, мұғалімге жедел ақпарат береді. Соның арқасында мұғалім сабақты нақты жағдайға қарай бейімдей алады. Жиналған деректер жасанды интеллект арқылы өңделіп, әр сабақ бойынша қысқаша талдау жасалады. Бұл оқушыларға қай тақырып қиын екенін немесе қай тұста қызығушылық төмендейтінін анықтауға көмектеседі. Алдағы уақытта кабинет пилоттық режимде сынақтан өтеді.