Миллионнан астам адам ЖИ дағдыларын үйренеді
Қазақстанда 1 млн-нан астам адам жасанды интеллектімен жұмыс істеу дағдыларын үйренеді.
Бұл AI Sana бағдарламасы аясында іске асырылады, деді Үкімет басшысы. Олжас Бектенов осы мәселеге мектептер мен жоғары оқу орындарында да маңыз берілетінін жеткізді. Парламент палаталарының бірлескен отырысында Премьер-министр цифрлық трансформация үшін заманауи нормативтік негіз құрылғанын айтты.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
- Бірақ алдымызда тұрған жұмыс өте ауқымды. Жайбарақат отыруға болмайды. Осы нарықтағы бәсекелестік деңгейі күннен күнге күшейіп бара жатыр. Бізге де өте белсенді, пәрменді шараларды қабылдау керек.